$ 538.53  623.94  6.59
День конституции
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Шығыс Қазақстанда екі жыл бойы заңсыз алтын қазғандар ұсталды (ВИДЕО)

Осы уақытқа дейін олар 82 млн теңгенің кенін қазып алған

Шығыс Қазақстанда екі жыл бойы заңсыз алтын қазғандар ұсталды (ВИДЕО)
Фото: скриншот

Шығыс Қазақстан облысы Самар ауданындағы «Кеңқарын» кен орны екі жыл бойы заңсыз игерілген. Бұл туралы Қаржы мониторинг агенттігінің баспасөз қызметінен мәлімдеді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy

Дереккөзге сүйенсек, агенттік Ұлттық қауіпсіздік комитетімен бірлесе отырып, бірнеше күдіктіні қолға түсірген.

«Жер қойнауын пайдалану мен қоршаған ортаны қорғау саласындағы заңнама талаптарын бұза отырып, күдіктілер екі жыл бойы тиісті лицензиясыз заңсыз алтын өндіріп, «Құлынжон» өзенін басқа арнаға бұрып жіберген. Заңсыз әрекеттің салдарынан табиғатқа 82 млн теңге зиян келген», - деп хабарлайды агентті.

Тексеру барысында ауыр арнайы техника (жүктиегіш, самосвал, экскаватор) және өнеркәсіп жабдықтары тәркіленген. Күдіктілер 2 айға қамалды.

 

Серіктес жаңалықтары