21.10.2025, 10:03
Оқиғалар
Семейде бір үйдің төрт баласы тірідей жанып кете жаздады – олар сіріңкемен ойнаған
Абырой болғанда, өрт сөндірушілер тез жетіп, балаларды сыртқа алып шыққан
Фото: istockphoto.com
Семей қаласындағы Абай көшесінде жер үй өртеніп, өрт сөндірушілер бір ересек адамды және 4 баланы құтқарды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy
ТЖМ-ның мәліметіне сүйенсек, балалар сіріңке жағып ойнап, өз бөлмелеріндегі ойыншық пен төсектерді өртеп алған.
«Оқиға орнына бірінші болып жеткен өрт сөндірушілер балалардың бөлмесі өртеніп жатқанын көрген. Олар бір ересек адам мен 4 баланы құтқарды. Балалар отпен ойнап отырып, өрт шығарып алған», - деп хабарлайды ТЖМ.
Көп оқылған
27.10.2026, 13:01
Атырауда «қайын жұртын қырып тастаған» жігітті өмір бойына соттаған атақты судья марапатталды (ВИДЕО)
28.10.2026, 16:15
Тоқаевтың Жолдаудағы сынынан кейін төрт сағат өте алғашқы топ-менеджер жұмысынан айырылды
27.10.2026, 17:43
Ресми ақпарат: Жеңіс Қасымбек жаңа лауазымға ие болды
Редактордың таңдауы
15.10.2026, 19:19
Қазақстан мен Әзербайжанды жалғайтын суасты байланыс желісі іске қосылды