$ 538.53  623.94  6.59
День конституции
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

«Жолдағы хаосты жоямыз»: Жаңа жылдан бастап Чехия электр самокаттарға тыйым салады

Билік тұрғындардың шағымын ескерген 

«Жолдағы хаосты жоямыз»: Жаңа жылдан бастап Чехия электр самокаттарға тыйым салады
Фото: Әсет Құндақбаев

2026 жылдың қаңтарынан бастап Чехия астанасы Прагада электр самокаттарын жалға алу қызметіне тыйым салынады. Қалалық билік мұндай шешімді тротуарларда қауіпсіздік ережелерінің бұзылуына байланысты қабылдаған, деп хабарлайды Azattyq Rýhy Reuters-ке сілтеме жасап.

Прага вице-мэрі Зденек Гржибтің айтуынша, электр самокаттары тұрғындар мен туристер үшін ыңғайлы болғанымен, соңғы жылдары қоғамда бейберекет қолданылып, жаяу жүргіншілерге қауіп төндірген.

«Электр самокаттарының дәуірі аяқталды! Біз қоғамдық орындарды ретке келтіріп, жолдағы хаосты жоямыз», - деді ол.

Қалалық кеңес ортақ көлікке қатысты ережелерді қайта қарап шықты. Енді велосипед тұрақтарына жаңа талаптар енгізіледі, ал самокаттар бұл ережеге кірмейді. Осылайша, қалада самокатты жалға алу қызметі мүлде тоқтатылады.

Прага билігі мұндай шешімді тұрғындардың шағымынан кейін қабылдаған. Биліктің айтуынша, самокаттар велосипедтерге қарағанда жол апатына жиірек себеп болады.

Прага Еуропадағы басқа ірі қалалардың тәжірибесін басшылыққа алып отыр. Мысалы, Париж бен Мадридте самокаттарды жалға алуға тыйым салынған, ал Финляндияда жас шектеуі мен қауіпсіздік талаптары күшейтілген.

Серіктес жаңалықтары