$ 548.79  643.02  6.63
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Алматыда ІІМ академиясының 300 курсанты Ант қабылдады

Жуырда Қостанайдағы Академияның курсанттары да Ант қабылдаған еді 

Алматыда ІІМ академиясының 300 курсанты Ант қабылдады
Фото: Polisia.kz

Алматы қаласында, 28 панфиловшы саябағында М. Есболатов атындағы Алматы академиясының бірінші курс курсанттары салтанатты түрде Ант қабылдады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Салтанатқа ішкі істер органдарының ардагерлері, құрметті қонақтар, ІІМ басшылығы, курсанттардың ата-аналары және Гонконг полиция академиясынан арнайы делегация қатысты.

«Бүгін біздің жас курсанттар өміріндегі ең алғашқы әрі маңызды қадамды жасап отыр – олар Ант қабылдады. Халыққа адал қызмет етуге, заңды қастерлеуге және офицер абыройын сақтауға серт берді. Бұл оқиғаның дәл осы жылы, осы жерде өтуі біз үшін аса маңызды. Республика күні мен Жеңіс мерейтойы тәуелсіздіктің бағасын, Отанға қызмет етудің үлкен жауапкершілік екенін еске салады, – деп атап өтті Алматы академиясының басшысы Қалижан Қобландин.

Айта кетейік, жуырда Қостанайдағы ІІМ академиясының түлектері Ант қабылдап тұрып, көз жастарына ерік берген.

Серіктес жаңалықтары