29.09.2025, 14:39
Оқиғалар
Атырау мұнай өңдеу зауытының экс-басшысы қонақ үйде жан тапсырды
Марқұм бүгін, 29 қыркүйек күні таңғы сағат 10:00-де көз жұмған көрінеді
Фото: ҚМГ
Бүгін Атыраудағы Somerset қонақ үйіндегі Атырау мұнай өңдеу зауытының бұрынғы директоры Мұрат Досмұратов жан тапсырды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
«Ақжайықтың» мәліметіне сүйенсек, қазір ол «КМГ Инжиниринг» компаниясының мұнай өңдеу және мұнай-химия жөніндегі директоры лауазымын атқарған.
Алдын ала мәлімет бойынша, марқұм жүрек талмасынан көз жұмған. Дәрігерлер клиникалық өлімнен кейін оған реанимация жасағанымен, адамды құтқару мүмкін болмаған.
Естеріңізге сала кетейік, Мұрат Досмұратов Қазақстанның мұнай саласында біраз лауазымды қызметтер атқарған. 2024 жылы оған қарсы қылмыстық іс ашылғанымен, 2025 жылдың тамызында ол ақталып шыққан еді.
Көп оқылған
30.09.2026, 16:19
«Жастар осыларды тыңдап, өзгеріп кетті»: Қайрат Нұртастың анасы Роза коучтың ит терісін басына қаптады
30.09.2026, 09:28
«Емізіп отырып ұйықтап кеткен»: Ақкөлде әйел адам мас күйде сәбиін тұншықтырып өлтіріп алды
30.09.2026, 16:54
Шымкентте әйел адам күйеуінің жүрегіне пышақ сұғып өлтірді (ВИДЕО)
30.09.2026, 18:00
«Мен шаршадым...»: Тараздағы мұғалім ұстаздарға психологиялық көмек беретін виртуалды көмекші ойлап тапқан
30.09.2026, 21:19
Қазақстанның 12 облысында дауылды ескерту жарияланды