Қостанай қаласындағы қатты желден аулада тұрған көліктерді ағаш басып қалған
Полиция әзірге 10 фактіні тіркеген

Қостанай қаласында ауа райы бұзылып, қар жауған, қатты жел соққан. Соның салдарынан оншақты көлікті ағаш басып қалған, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Айта кетейік, полицияның мәліметінше, тәртіп сақшылары бұқаралық ақпарат құралдары мен әлеуметтік желілер арқылы жолда тайғақ орнап, жел соғатынын ескерткен. Сондай-ақ, бұндай дауыл кезінде көліктерді ағаштың түбіне қоймауға шақырған.
«Дегенмен, полицияға ағаштардың көліктерге құлағаны туралы 10 хабарлама түскен. Мысалы, Абай даңғылындағы тұрғын үй ауласында Exeed автокөлікке ағаш құлаған. Ұқсас жағдай Павлов көшесінде де болып, JAC көлігіне зиян келген. Екі жағдайда да полиция қызметкерлері материал жинады», - деп хабарлайды полиция.
Айта кетейік, бұған дейін Қостанайда қар жауып, трассада оншақты көлік жол шетіне шығып кеткенін жазған едік.