Аршалының түрмесіндегі адам прокурормен «сырласамын» деп тағы бір қылмыс арқалады
Ол Астана-Қарағанды тас жолының бойына оқ-дәрі жасырған көрінеді

Аршалы ауданының прокурорлары Ақмола облысы прокуратурасының үйлестіруімен түрмедегі адаммен құпия әңгіме өткізген: әңгіме барысында сотталған адам қаруды қай жерге жасырғанын айтқан, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
«Аталған ақпаратты тексеру нәтижесінде Астана–Қарағанды автожолы бойында, Аршалы ауданының Шоптықөл елді мекенінің маңынан атыс қаруы мен әртүрлі калибрлі оқ-дәрілер табылып, тәркіленді», - деп хабарлайды Ақмола прокуратурасы.
Алдын ала болжам бойынша, қару-жарақ пен оқ-дәрілер Қазақстан Республикасының қару-жарағы құрамында жоқ және оларды әлдекімдер шетелден әкелген болуы мүмкін. Бұл дерек бойынша Қылмыстық кодекстің 287-бабының 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.