$ 548.79  643.02  6.63
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Қостанай облысында көліктер қалың қарға батып жатыр (ВИДЕО)

Полиция тоғыз көлікті қардан тартып шығарған

Қостанай облысында көліктер қалың қарға батып жатыр (ВИДЕО)
Фото: скриншот

Қостанай облысына қар жауып, тоғыз көлік жолдан шығып кеткен: ауа райының нашарлауына байланысты патрульдік полиция қызметкерлері күшейтілген қызмет тәртібіне көшті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Полиция департаментінің мәліметіне сүйенсек, Қостанай қаласында, сондай-ақ Қостанай, Меңдіқара және Фёдоров аудандарында таңертеңнен бастап қар аралас жаңбыр жауған. Қыс мезгіліне әлі дайындалып үлгермеген жүргізушілер апатты жағдай тудырып жатыр.

«Қостанай – Алматы – Екатеринбург республикалық тас жолына ерекше назар аудардық. Таңғы сағат 6:00-ден 10:00-ге дейін жол шетіндегі сайға сырғанап кеткен тоғыз автокөлікті шығардық. Мәселен, жолдың бір учаскесінде Alphard және Volkswagen көліктерінің жүргізушілері рөлге ие бола алмай, жолдан шығып кеткен. Оларға патрульдік полиция қызметкерлері көмектесіп, қасынан өтіп бара жатқан жүк көлігі мен бейжай қарамаған жүргізушілердің көмегімен көліктерді қар құрсауынан алып шықты», - деп хабарлайды полиция.

Айта кетейік, бұған дейін біз бірнеше күнге арналған ауа райы болжамын ұсынған едік.

Серіктес жаңалықтары