Қордайда бір құрлысшы 2 жыл жалақысыз жүріп, сотта 92,3 млн теңгеге «байып» кетті
Жеке компания жұмысшының 2 жыл аралығындағы жалақысын беруге міндетті болды

Жамбыл облысы Қордай аудандық соты құрылыс компаниясында ауыр жұмыс істеген құрлысшының ісін қарап, оның арызын қанағаттандырды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Соттың мәліметіне сүйенсек, бұл азамат компанияға 2020 жылдың желтоқсанында жұмысқа тұрған. Күрделі құрылыс қызметінің басшысы болған оның бір айлық жалақысы 1 млн теңге болған. Жұмыс беруші компания 2021 жылдың шілдесінен бастап 2023 жылдың маусымына дейін оған жалақы төлемепті.
«Компания директорының қолы қойылған хаттамаға сай, қызметкерге 92,3 млн теңге жалақы төленбегені расталды. Қарызды мойындағанына қарамастан, төлемдер жасалмаған, бұл қызметкерді сотқа жүгінуге мәжбүр еткен. Еңбек Кодексінің 23-бабына сәйкес жұмыс беруші қызметкерге жалақы және басқа да төлемдер төлеуге міндетті. Ұсынылған дәлелдемелерді қарастырғаннан кейін, сот талап қоюды толық көлемде қанағаттандырды. Сот шешімімен компания талап қоюшының пайдасына 92,3 млн теңге сомасында жалақы бойынша қарызды төлеуге міндетті», - деп хабарлайды соттың баспасөз қызметі.
Шешім заңды күшіне енді.