$ 542.67  638.89  6.51
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Астанада кальян тартып отырған азаматтарды қара маскадағы сақшылар ұстап алды (ВИДЕО)

Полиция бір түнде 31 адам мен 4 мекеме иесіне айыппұл салды

Астанада кальян тартып отырған азаматтарды қара маскадағы сақшылар ұстап алды (ВИДЕО)
Фото: скриншот

Астананың полициясы «Байқоңыр» ауданындағы түнгі мекемелерге аяқасты рейд жүргізіп, кальян тұтынып отырған азаматтарға айыппұл салды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy. 

Байқоңыр ауданы әкімінің баспасөз қызметі рейд кезінен видео жариялап, қандай ауқымды шара өткізгенін көрсеткен.

«Қоғамдық тамақтану орындарында темекі бұйымдарын, оның ішінде қызатын темекі,  кальян тұтыну фактілерін анықтау үшін рейд өткіздік. Бір түнгі аралау барысында 31 жеке тұлғаға және 4 ойын-сауық иесіне 850 мыңнан аса көлемде айыппұл салынды», - деп хабарлаған полиция.

Жалпы, жыл басынан бері Байқоңыр ауданында қоғамдық тамақтану орындарында кальян тұтынуға қатысты 914 факт тіркеліп, 34 млн 489 мың теңге көлемінде айыппұл салынған екен.

Серіктес жаңалықтары