23.09.2025, 14:23
Оқиғалар
Дәулет Мұқаев пен Ләйлә Сұлтанқызы Түркістан жастарын есірткіден сақ болуға шақырды (ВИДЕО)
Олар аймақта өткен жиынға қатысқан
Фотоколлаж: Azattyq ruhy/Әбілқасым Есентаев
Түркістан облысына жиналған қоғам белсенділері жастарды нашақорлықтан сақ болуға шақырды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Жиынға қатысып сөз сөйлеген азаматтардың арасында Мәжіліс депутаты Дәулет Мұқаев, актер Нұрсұлтан Мейірбеков, тележурналист Ләйлә Сұлтанқызы, Олимпиада ойындарының қола жүлдегері және әлем чемпионатының жүлдегері Сәкен Бибосынов бар. Олар жастарды нашақорлық пен интернет алаяқтықтан сақ болуға шақырып, сөз сөйлеген.
Жиынға шамамен 500-ге жуық жас адам қатысып, спикерлерге сұрақ қойып, пікір алмасқан.
Жиынды Келес ауданының әкімдігі мен аудандық полиция ұйымдастырған екен. Олар «Әділ жастар – елдің ертеңі» деген ұранмен жастарға тәлім-тәрбие беруді көздеп отыр.
Серіктес жаңалықтары
Көп оқылған
24.12.2025, 21:02
Тоқаев қорғаныс министрінің орынбасарын қызметінен алып тастады
Бүгін, 10:54
Алматыда түрмеден ерте босап шыққан ер адам әйел адам мен 6 жасар қызын қазанмен ұрып өлтірді
24.12.2025, 13:42
Түркістан облысында 16 жастағы студент қызды зорлап, артынан өлтірген адам өмір бойына сотталды
Редактордың таңдауы
24.12.2025, 17:17
Тоқаев 14 млн халқы бар Токионың тазалығын үлгі етті
24.12.2025, 10:27
Астанада полицейлер мен балалар қар атысып ойнаған (ВИДЕО)