22.06.2020, 01:54
Оқиғалар
Жаңаөзенде атыс болды
Дегенмен, Жаңаөзен қалалық ауруханасына ешкім түспеген
Куәгерлер Жаңаөзенде атыс болғанын айтты, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі Lada.kz-ке сілтеме жасап.
Желіде оқиғаның видеосы пайда болды. Кадрда екі адамның қара көлікке келгенін, одан кейін атылған қарудың дыбысы шығатынын байқауға болады. Видеодағы ер адамдардың бірінің қолында ұзын қаруға ұқсайтын зат бар. Одан кейін джип оқиға орнынан кетіп қалады.
«Маңғыстау облыстық ПД баспасөз қызметінің хабарлауынша, видеодағы көлік анықталған. Дегенмен, 102-ге ешкім хабарласпаған. Жаңаөзен қалалық ауруханасына да жарақат алған ешкім түспеген», - деп жазады басылым.
Көп оқылған
12.11.2026, 10:29
Ақтауда мектеп директорының әйелі тазалықшының шелегін теуіп жіберген: оның ісі сотқа жетті (ВИДЕО)
12.11.2026, 20:36
«Аспаннан түскен ақша»: оңай олжаға қызыққан астаналық әйел жауапқа тартылуы мүмкін
12.11.2026, 12:09
Шұғыл: ҰҚК Астанада «Самұрық-Қазына» мен «Қазақстан темір жолы» басшыларын қолға түсірді