20.06.2020, 00:13
Оқиғалар
Сайрамның бес тұрғыны Сирияда шаһид болуға үгіттеген
Сирияны аңсағандар Таяу Шығысқа емес, тергеу изоляторына жөнелтілді
Фото: ашық дерек көздерінен
Түркістан облысында Сирияға барып шаһид болуға ашық үгіттеп жүргендер ұсталды, Лаңкестікке ашық үндеген Сайрам ауданының 5 тұрғынын ұстауға арнайы жасақ тартылған, деп хабарлайды КТК телеарнасы.
«Бұл азаматтар үгіт-насихаттарында Сирияда лаңкестік жасап жүргендерді «Құдайдың сүйікті құлдары» екенін айтып сендіруге тырысыпты. Сондықтан оларға көмек беру керек деп жас жігіттерді жиһадқа үндеген»,- делінген ақпаратта.
Олар тергеу кезінде де райларынан қайтпайтынын ашық айтыпты. Ал үйлері тыйым салынған небір діни әдебиеттерге толы. Шахид болуды армандап жүргендердің халықаралық лаңкестік ұйымдарға қатысы болуы мүмкін. Қылмыстық іс қазір екі баппен жүріп жатыр.
Көп оқылған
28.09.2026, 17:24
«Жиналысты азайтамыз»: су жаңа Қорғаныс министрі жаңа қызметте бірінші кеңесін өткізді
28.09.2026, 12:40
«Қаралы күн, біз үшін өліп пе?»: сарбаздардың рухына тіл тигізген ер адам қамауға алынды (ВИДЕО)
28.09.2026, 12:21
Жеті күн ішінде қаржы есебі, он күнде арнайы жоспары дайын болу керек: Қарин әскердегі реформа туралы нақты даталарды атады
28.09.2026, 15:35
Қазақстан аумағында бір күнде үш мәрте жер сілкінді