Тонна палау және тандыр нан: Астанада Тәжікстанның жәрмеңкесі өтеді
Іс-шара барысында Тәжікстанның ұлттық асханасы ұсынылады

Астанада 16-17 тамыз күндері Тәжікстанның Соғды облысынан келген ауыл шаруашылығы өнімдері мен қолөнер бұйымдарының жәрмеңкесі өтеді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Келушілер назарына 1 000 тоннадан астам ауыл шаруашылығы өнімі ұсынылады:
- Жемістер мен көкөністер;
- Құрма, кептірілген өрік, мейіз және басқа да құрғақ жемістер;
- Жаңғақ түрлері;
- Бақша дақылдары және тағы басқа өнімдер.
Іс-шара барысында Тәжікстанның ұлттық асханасы ұсынылады:
- 10 қазан - күніне кемінде 1 тонна палау пісіріліп, сатылады
- 6 тандыр пеші - күніне кемінде 5 000 дана тандыр нан мен самса дайындалады
Келушілер дәстүрлі тағамдармен қатар, ұлттық қолөнер бұйымдарын да сатып ала алады.
Тәжік мәдениеті ғасырлар бойы парсы және түркі дәстүрлерінің ықпалымен қалыптасқан. Елдің ең танымал мәдени символдарының бірі — шығыстың ерекше атмосферасын жеткізетін түрлі-түсті базарлар.
Астанада өтетін жәрмеңке қонақтарға шығыс базарының сән-салтанатын сезініп, дәмді ұлттық тағамдардан ауыз тиюге мүмкіндік береді.
Өтетін орны мен уақыты
- 16 тамыз: сағат 11:00–19:00
- 17 тамыз: сағат 10:00–19:00
- Өтетін жері: «Барыс-Арена» маңындағы аумақ
Айта кетейік, 2023 жылы тәжік жеміс-жидек көрмесінде тұрғындар өнімдерді талан-таражға салған еді.