$ 538.03  629.23  6.74
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Алматы облысында КамАЗ бен жеңіл көлік бетпе-бет соқтығысты: қаза болғандар бар

Оқиға орнында түсірілген видео әлеуметтік желіде тарап кетті

Алматы облысында КамАЗ бен жеңіл көлік бетпе-бет соқтығысты: қаза болғандар бар
Фото: istockphoto.com

Алматы облысындағы Алматы-Бішкек тас жолында КамАЗ-бен бетпе-бет соқтығысқан жеңіл көліктің жүргізушісі мен жолаушысы көз жұмды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Оқиға орнында түсірілген видео әлеуметтік желіде тарап жатыр. Кадрдан КамАЗ-дың алдыңғы жағы жапырылып қалғаны, ал қираған көліктің жол жиегінде жатқаны көрініп тұр.

Алматы облысының полиция департаменті жол апатының 12 тамызда Алматы-Бішкек тас жолының 48-ші шақырымында болғанын хабарлады.

Адам өліміне әкелген жол апаты бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.

«Алдын ала мәлімет бойынша КамАЗ жүргізушісі рөлге ие бола алмай, қарсы жолаққа шығып кетіп, Mitsubishi Galant көлігімен соқтығысқан. Апат салдарынан 67 жастағы жүргізуші мен жолаушы оқиға орнында жан тапсырды», - деп түсіндірді ДП баспасөз қызметі.

Қайғылы оқиғаның барлық мән-жайын анықтау үшін қажетті тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр.

Серіктес жаңалықтары