26.08.2023, 15:31
Қоғам
EXPO маңына жиналған жұртшылық Тәжікстанның ұйымдастырған көрмесін тас-талқан етті
Жеміс-жидектен жасалған өрнекті көпшіліктің талан-таражға салып жатқанын желі қолданушылары әлеуметтік желіге жариялаған
EXPO маңына жиналған жұртшылық Тәжікстанның ұйымдастырған ауыл шаруашылығы көрмесінің тас-талқанын шығарды, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.
Тәжікстан тарапы ұйымдастырған жәрмеңкені түске дейін қос мемлекеттің басшылары тамашалаған еді. Алайда, түс ауа осы маңға жиналған көпшілік жәрмеңкедегі жеміс-жидектен жасалған өрнектердің үстінен басып-жаншып, талан-таражға салған.
Оқырмандардың пікірі сан алуан. Бірі «ұят-ай», «халық рухани аш», «дым көрмеген» деп жазса, өзгесі «халық мәдениетті алып жатыр», «түймедейді түйедей етуді қойыңдаршы», «халық үшін жасалған нәрсе» деп, көпшіліктің бұл әрекетін жақтаған.
Көп оқылған
16.10.2026, 10:11
«Бес айлық сәбиді өлтірген»: бір қылмыскерді ұстау үшін Қызылорданың пост-бекеттеріндегі бақылау күшейді
16.10.2026, 12:13
Таиландтан екі чемоданмен есірткі тасыған: Астанада 2006 жылғы қыз бала 16 жылға сотталды
Редактордың таңдауы
15.10.2026, 19:19
Қазақстан мен Әзербайжанды жалғайтын суасты байланыс желісі іске қосылды