Қарағанды облысында Toyota Alphard аударылып, төрт адам тіл тартпай кетті (ВИДЕО)
Төрт адам әртүрлі жарақат алып, ауруханаға түскен

Бүгін, 11 тамыз күні түнде Қарағанды облысында Toyota Alphard маркалы көліктің жүргізушісі рульге ие бола алмай, жыраға аударылып түскен. Апат салдарынан төрт адам тіл тартпай мерт болды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Жол апатының видеосын таратқан «ҚазАвтоЖол» компаниясы жүргізушілерді сақтыққа шақырып, апаттың мән-жайын баяндаған.
«Алдын ала мәлімет бойынша, 41 тамыз күні сағат 00:10 шамасында «Астана – Қарағанды – Алматы» автомобиль жолының 1396-шақырымында Toyota Alphard автокөлігінің жүргізушісі көлікті басқара алмай аударылған. Оқиға салдарынан үш адам қаза тауып, алты адам түрлі жарақат алды. Қаза тапқандардың туыстары мен жақындарына қайғырып көңіл айтамыз. Жүргізушілерге жылдамдық режимін қатаң сақтап, жолға шығар алдында көліктің техникалық жай-күйін тексеру керектігін ескертеміз», - деп хабарлайды компанияның баспасөз қызметі.
Қарағанды облысының полиция департаменті апаттың себебін растап, қаза тапқан жүргізушіні қосқанда, төрт адам мерт болғанын хабарлады.
«Апат болған жерде үш жолаушы мен жүргізуші қаза тапты. Тағы төрт адам, соның ішінде екі бала ауруханаға түсті. Апатқа қатысты қылмыстық іс қозғалды», - деп хабарлайды Қарағанды облысының полиция департаменті.