$ 539.49  627.7  6.75
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Жүк көлігінің жүргізушісі жаяу жүргіншілерді қасақана екі рет соқпақ болды (ВИДЕО)

Ол оқиға орнынан қашып кеткен

Жүк көлігінің жүргізушісі жаяу жүргіншілерді қасақана екі рет соқпақ болды (ВИДЕО)
Фото: видеодан скриншот

Новосібір тергеушілері екі немесе одан да көп адамды өлтіруге оқталу фактісі бойынша қылмыстық іс қозғады. Қаладағы Киров ауданында жүк көлігінің жүргізушісі адамдар тобына қасақана соққан, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Оқиға Петухов көшесіндегі № 79Б үйінің жанында болған. Howo маркалы жүк көлігінің жүргізушісі кафе-бар маңында адамдар тобын екі рет қасақана соққан және мекеменің кіреберісін бұзып өткен. Кейін оқиға орнынан қашып кеткен. Абырой болғанда, ешкім қаза тапқан жоқ, жаяу жүргіншілер әр жаққа қашып үлгерген.

«Зардап шеккендерге дәрігерлер көмектескен. Олардың ешқайсысы ауруханаға түскен жоқ», – деп хабарлады Новосібір облысы бойынша тергеу комитетінің тергеу басқармасы.

Жергілікті прокуратура екі немесе одан да көп адамды өлтіруге оқталу ісі бойынша тергеудің барысы мен нәтижесін бақылауда ұстап отыр.

 

 

 

 

Серіктес жаңалықтары