«Ерекше құбылыс»: Бурабайдың инспекторлары таңғажайып гүлді байқап, оны таспен қоршап кеткен
Жаздың соңғы айында бәйшешек гүлдеп, бүр жарған

«Бурабай» ұлттық паркінің инспекторы Әділхан Шаймерденов жазда сирек кездесетін таңғажайып оқиғаның куәсі болған – бұл жерде жаз аяқталар шақта бәйшешек гүлдеп, бүр жарған, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Парктің баспасөз қызметі бұл ақпаратты өте сирек кездесетін құбылысқа теңеп, инспектор түсіріп алған суретті таратты.
Байқағанымыздай, тау-тастың ортасында көктемде гүл жаратын бәйшешек өсіп шыққан. Инспектор гүл тапталып қалмасын деп, оны таспен қоршап кеткен.
«Бұл – көктемде гүлдейтін құртқашаш, халық арасында «бәйшешек» деп те аталады, Қазақстанның Қызыл кітабына енген өсімдік түріне жатады. Әдетте ол қар ерігеннен кейін, ерте көктемде гүлдейді. Ал оның тамыз айында гүлдеуі — өте сирек кездесетін жағдай», - деп жазады ұлттық парктің баспасөз қызметі.