10.08.2025, 18:14
Оқиғалар
Алматыда жол апатынан 12 жастағы бала көз жұмды
Оқиға Наурызбай ауданында 10 тамыз күні күндіз болған
Фотоколлаж: Azattyq Rýhy
Алматы қалалық Полиция департаментінің мәліметінше, қайғылы жағдай 10 тамыз күні сағат 13:30 шамасында Наурызбай ауданында тіркелген, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Range Rover автокөлігінің жүргізушісі Хигай көшесімен шығыс бағытта келе жатып, жолдың жүріс бөлігінде тұрған 2013 жылы туған балаға соққан.
Соққы салдарынан кәмелетке толмаған жеткіншек оқиға орнында қаза тапты.
Тергеу жүріп жатыр
Полиция дерегінше:
- Қылмыстық кодекстің 345-бабы 3-бөлігі (Абайсызда адам өліміне әкеп соққан ЖҚЕ бұзуы) бойынша іс қозғалды;
- Арнайы автотехникалық және сот-медициналық сараптамалар тағайындалды;
- Жүргізушінің жағдайы мен жол-көлік оқиғасының толық мән-жайы анықталуда.
«Қала тұрғындары мен ата-аналарды балалардың жолда қауіпсіздігін қадағалауға шақырамыз», – деді ПД өкілі.
Көп оқылған
30.09.2026, 16:19
«Жастар осыларды тыңдап, өзгеріп кетті»: Қайрат Нұртастың анасы Роза коучтың ит терісін басына қаптады
30.09.2026, 09:28
«Емізіп отырып ұйықтап кеткен»: Ақкөлде әйел адам мас күйде сәбиін тұншықтырып өлтіріп алды
30.09.2026, 16:54
Шымкентте әйел адам күйеуінің жүрегіне пышақ сұғып өлтірді (ВИДЕО)
30.09.2026, 18:00
«Мен шаршадым...»: Тараздағы мұғалім ұстаздарға психологиялық көмек беретін виртуалды көмекші ойлап тапқан
30.09.2026, 21:19
Қазақстанның 12 облысында дауылды ескерту жарияланды