$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
18.06.2020, 03:46
Оқиғалар

Атырауда 62 медицина қызметкері қауіпті індет жұқтырған

Атырау облысында  мыңнан аса медицина қызметкері коронавируспен күресуде

Атырауда 62 медицина қызметкері қауіпті індет жұқтырған

Пандемиямен күрес кезінде өңірдегі  62 медицина қызметкері қауіпті індет жұқтырған, деп хабарлайды Атырау облыстық коммуникациялар қызметі. Бұл туралы онлайн брифингте  облыстық Денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Гүлнафис Танбаева мәлімдеді.

«Дәрігерлерде коронавирус инфекциясын жұқтыру  қаупі басым.  Өйткені, COVID-19 індетімен күресте  дәрігерлер, медбикелер, кіші буын мед. қызметкерлері, санитарлар, инфекционист мамандар  алдыңғы шепте жұмыс істеуде.  Көпшілігі бірнеше айдан бері жақындарын  көрмеген, бұл моральдық тұрғыдан алғанда өте  қиын.  Біз медицина қызметкерлерінің осындай еңбектері мен  кәсіптеріне адалдықтары үшін алғыс білдіреміз.  Қазіргі уақытта  оларға  тәулігіне 6 сағат жұмыс істеу үшін ауысымдық жұмыс әдісі ұйымдастырылған.     Сонымен қатар, жақсы демалулары  үшін барлық жағдай қарастырылған»,  - деді Гүлнафис Танбаева.

Қауіпті індетке шалдыққандармен байланысушы тұлғалар  апта сайын вирусқа тест тапсырады. Олардың  күнделікті дене қызулары өлшеніп, тексеріледі.  ЖРВИ белгілері пайда болған жағдайда, жедел түрде анализ алынады.

Серіктес жаңалықтары