$ 518.57  566.59  6.05
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
17.06.2020, 22:28
Оқиғалар

Bek Air жолаушыларына билет құнын төлеп беретін болды

Барлығы 900-ден астам жолаушының ақшасы қайтарылады

Bek Air жолаушыларына билет құнын төлеп беретін болды

 «Бек эйр» жолынан қалдырған жолаушыларына 54 миллион теңгеден астам билет құнын төлеп беретін болды. Алматы соты бүгін осындай шешім шығарды, деп хабарлайды КТК телеарнасы.

Одан бөлек, қосымша шығындар үшін деп тағы 16 миллион теңгеден астам қаражат төлеуі керек.
«Бек Эйрден» ақшасын қайтара алмай сенделгендердің бір парасы құжатын құшақтап астанада да жүр. Жыл басында сатып алған билеттерінің түбіртегі әлі қолдарында. Ал бүкіл ел көлеміндегі жолынан қалған жолаушылар әр қалада әлеуметтік желілерден чат ашып тастаған. Әрқайсысының ішінде отырғандар жүздеп саналады. Былтыр желтоқсандағы ұшақ апатынан кейін барлығы да ұша алмай, содан бері билет құнын қайтара алмай жүргендер.

«13-қаңтар күні маған хабарлама келді, рейс ұшпайды, ұша алмайсыз деп. Содан кейін мен тура сол күні «Авиатаға» телефон соқтым. Олар «жақсы, билет қайтарылады, 3 күннен 1 айға дейін күтіңіз» деді. Мен күттім. Бір айдан кейін звондадым. «Авиата» біз бұл іске жауап бермейміз, өйткені «Бек Эйр» бізге ақшасын қайтарған жоқ», - деді Нұр-Сұлтан қаласының тұрғыны Еркегүл Амангелді.

Апаттан кейін Тұтынушылар құқығын қорғау комитеті әуе компаниясын сотқа берген еді. Төрт айға созылған даудың бүгін шешімі шықты. Комитеттің шағымы қанағаттандырылып, «Бек эйр» зардап шеккен жолаушыларына 54 миллион теңге төлеуге міндетелді.

Еске салсақ, «Бек Эйр» әуе компаниясына тиесілі «Фоккер-100» ұшағы 27-желтоқсанда Алматы іргесінде таңғы сағат 7-ден 21 минут өткенде апатқа ұшыраған еді. Ұшақта барлығы 98 адам болған, оның 9-ы кішкентай бала. Апаттан 12 адам қаза тапты.

Серіктес жаңалықтары