$ 511.22  540.05  4.73
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
17.06.2020, 19:33
Оқиғалар

Көкшетау полицейлері белгісіз мәйіттің кім екенін «Папилон» жүйесінің көмегімен анықтады

Аталған жүйе адамның тұлғасын саусақ іздері арқылы анықтайды

Көкшетау полицейлері белгісіз мәйіттің кім екенін «Папилон» жүйесінің көмегімен анықтады

Көкшетауда «Папилон» дактилоскопиялық автоматтандырылған ақпараттық жүйесінің көмегімен полицейлер аз ғана секунд аралығында белгісіз адамның мәйітінен оның жеке тұлғасын анықтады, деп хабарлайды  Azattyq Rýhy тілшісі Ақмола облысы Полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Кезекші бөлімге Көкшетау қаласындағы Байтұрсынов-Потанин көшелерінің қиылысында жас шамасы 30-40 жастағы ер адамның мәйіті жатқаны жөнінде телефон хабарламасы түскен соң, тәртіп сақшылары дереу оқиға орнына жеткен.

«Қайтыс болған ер адамның ешқандай құжаты да, ұялы телефоны да болмады. Полиция қызметкерлері жігіттің кім екенін анықтау үшін «Папилон» дактилоскопиялық автоматтандырылған ақпараттар жүйесін қолданды. Нәтижесінде, бірнеше секунд ішінде марқұмның кім екені және қайдан келгені анықталды. Ол Краснояр селосының 36 жастағы тұрғыны болып шықты», - деді Ақмола облысы Полиция департаментінің баспасөз хатшысы Әсем Әбдірахманова.

Сот-медициналық сараптама жүргізілгеннен кейін, марқұмның жүрек жетіспеушілігінен қайтыс болғаны анықталды.

«Кез келген азамат ниет етсе, дактилоскопиялық рәсімдерден өте алады. Аталған тексерістің еш зияны жоқ, қауіпсіз әрі аса құпия сақталады. Оқиғалар жиынтығында күн сайын жоғалған адамдар туралы жайлы хабарламалар түсіп жатады. Мұндай жағдайда адамдарға саусақ іздері арқылы көмектесуге болады», - дейді Ақмола облысы Полиция департаментінің баспасөз хатшысы.

Айта кетейік, тек жыл басынан бері ғана облыста «Папилон» ДААЖ мәліметтер базасымен 300-ден астам қылмыстың ізі суымай ашылған. Сонымен қатар, белгісіз 17 мәйітті тексеру арқылы марқұмдардың жеке тұлғасы анықталған.

Абзал Алпысбайұлы, Ақмола облысы

Серіктес жаңалықтары