$ 537.53  620.52  6.71
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Әйелімнің суретіне лайк басып, «әдемісің» деді - Берденовтің сотында күдікті өткір мәлімдеме жасады

Ернар Жиембай Берденовтің сотқа келуін талап етті

Әйелімнің суретіне лайк басып, «әдемісің» деді - Берденовтің сотында күдікті өткір мәлімдеме жасады
Фото: мәжілістің баспасөз қызметі

Бүгін Шымкентте қала әкімінің орынбасары Руслан Берденовке жасалған қастандыққа қатысты ашық сот процессі өтіп жатыр. Руслан Берденов сотқа келген жоқ, ал күдікті Ернар Жиембай болса, өткір мәлімдеме жасады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Ернар Жиембайды төрт адвокат қорғап жатыр, олардың арасында әкесі де бар. Бүгін ол тараптардың сұрақтарына жауап беріп, оқиғаның мән-жайын айтқан. Оның сөзіне сенсек, ол Берденовке жұмыстан айырылып қалдым деп емес, әйелін қызғанғаннан оқ атқан. Әйелін бала күннен білетінін, жақсы көретінін және әйелі Берденовпен араласа бастағаннан кейін аралары суып кеткенін айтқан.

Әйелі мен Берденов бір-бірін қайда білетінін айтқан ол үлкен балалары аутизммен ауыратынын баяндады. Олар тұратын көшеде баласы аутизмге шалдыққан тағы бір отбасы – Руслан Берденовтің туыстары тұрады екен. Екі баланы сауықтыру орталықтарына апарып жүргенде әйелі сол отбасымен достасып, Берденовпен бірге дастархандас болған екен.

«Сондай күндердің бірінде әйелімнің телефонынан Берденовтің «сен әдемісің» деп жазған сөзін көрдім және оның әйелімнің суретіне лайк басқанын көрдім» дейді ол Кейін әйелі онымен ұрсысқанда ажырасатынын айтқан және Берденовтің әдемі киінетінін де сөз еткен көрінеді. Осылайша Ернар Жиембай қатты қызғанышқа бой алдырып, аң аулауға дайындап отырған мылтығын алып, кешке жақын Берденовті атып кеткен.

Сотта күдікті Берденовті өлтіретін пиғылы болмағанын айтып, оны тек қорқытқым келді дейді.

«Бұл – менің арым мен абыройымның ісі. Жұмысқа еш қатысы жоқ», - деді ол.

Серіктес жаңалықтары