$ 536.58  622.75  6.71
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

«Экоблогер», «Энергоблогер»: Қазақстанда болашақта қандай мамандар пайда болады

Бүгінде 10,1 мың бос жұмыс орны бар

«Экоблогер», «Энергоблогер»: Қазақстанда болашақта қандай мамандар пайда болады
Фото: Freepik

Қазақстанның еңбек нарығында білікті мамандардың тапшылығы байқалады. Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің мәліметінше, бүгінде жұмыс берушілер 60,6 мыңға жуық бос жұмыс орнын жариялаған. Оның ішінде денсаулық сақтау, білім, өндіріс және қызмет көрсету салаларына адам жетіспейді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Қандай салаларда бос жұмыс орындары көп?

Еңбек министрлігі таратқан деректерге сәйкес, жоғары кәсіби біліктілікті талап етпейтін 10,1 мың бос жұмыс орны бар. Оның ішінде қосалқы жұмысшылар, аула сыпырушылар, сантехниктер жетіспейді.

Денсаулық сақтау саласында – 6,9 мың дәрігер мен медбикенің орны бос тұр. Білім саласында 9,5 мың математика, физика, бастауыш сынып мұғалімдеріне қажеттілік бар. Өндіріс саласында – 6,1 мың, құрылыс саласында – 2,7 мың жұмыс орны бос тұр. Аталған мамандарға орташа айлық жалақы 100 мың теңгеден 300 мың теңгеге дейінгі аралықта белгіленген.

Келесі онжылдықта қандай мамандар керек болады?

Министрліктің 2025-2035 жылдарға арналған болжамына сәйкес, еңбек нарығында 3 миллионнан астам маман қажет болады. 2035 жылға қарай жұмыс күшіне сұраныс 316 мың адамға өсуі мүмкін.

«Кадрларға деген сұраныстың басым бөлігі – 869 мың адам - мегаполистерге, 668 мың адам оңтүстік өңірлерге қажет болады. Орталық және шығыс өңірлерге – 588 мың, батыс өңірлерге 482 мың , солтүстікке 370 мың жұмысшы тапшылығы болады », - деп жауап берді министрлік.

Кәсіби мамандарға қажеттілік 592 мың адамды немесе жалпы сұраныстың 20 пайызына сәйкес келеді.

«Сондай-ақ осы уақыт аралығында 413 мың басшылар мен мемлекеттік қызметшілер тапшылығы болады. 365 мың өндірістік жабдық операторлары, құрастырушылар мен жүргізушілер, 361 мың қызмет көрсету және сату саласының қызметкерлері, 328 мың техник-мамандар, 279 мың өнеркәсіп, құрылыс және көлік қызметкерлері қажеттігігі сезілетін болады», - делінген жауапта.

Жоғары оқу орындары түлектерінің жұмысқа орналасу көрсеткіші

Ғылым және жоғары білім министрлігінің мәліметінше, қазіргі күні 71,5% түлек жұмысқа тұрып кетеді. Ал «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасының дерегінше, бұл көрсеткіш 75%-ға жеткен. Диплом алған соң түлектердің жұмысқа орналасуына орта есеппен екі жарым ай уақыт кетеді.

  • бүгінде ұлттық жоғары оқу орындарындағы Ұлттық жоғары оқу орындарында 905,8 мың теңгеден 1 242,6 теңгеге дейін;
  • басқа жоғары оқу орындарында 803,9 мың теңгеден 1 008,1 мың теңгеге дейін өзгереді.

Министрлік жоғары оқу орындарына ақылы білім бағасын грант құны деңгейінде ұстау жөнінде ұсыныс жасап отыр.

Қандай жаңа мамандықтар пайда болады

Бүгінде әлеуметтік желі арқылы қалың оқырман жинап, қоғамдық пікірге әсер ете алатын инфлюенсерлер ресми мамандық ретінде тіркелмеген.

Блогерлік кәсіптер тізілімінде жоқ және білім беру жүйесінде жеке мамандық ретінде танылмаған. Дегенмен, жоғары оқу орындарында медиа және цифрлық коммуникация бағытында білім беру бағдарламалары әзірленген. Оның ішінде «Сандық медиа менеджменті», «Цифрлық медиатехнологиялар», «Креативті индустриялар және продюсерлік» сынды бағыттар бар. Жаңа кәсіптер атласында инфлюенсерлікке қатысты «Экоблогер», «Энергоблогер», «Цифрлық маркетинг менеджері», «Цифрлық маркетолог» секілді жаңа мамандықтар енгізілген.

Серіктес жаңалықтары