$ 536.58  622.75  6.71
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

«Полиция әрекет етпеген»: Ақмола облысында әйел экс-күйеуінің мойнына қайшы сұғып, өлтіріп алған (ВИДЕО)

Әйел адам бұған дейін одан қорлық көргені туралы полицияға жүгінген екен

«Полиция әрекет етпеген»: Ақмола облысында әйел экс-күйеуінің мойнына қайшы сұғып, өлтіріп алған (ВИДЕО)
Фото: скриншот

Ақмола облысындағы Жақсы ауданының соты абайсызда адам өліміне әкеп соққан қылмыстық істі қарап, бұрынғы күйеуінің мойнына қайшы сұғып алған әйелді алты жылға соттады. Сот сондай-ақ полиция мен әкімдіктің бірқатар әрекеттерін тексеру үшін прокуратураға қаулы шығарып берген, деп жазады Azattyq Rýhy

Іс материалына сенсек, сотталып отырған әйел мен қаза тапқан ер адам заңды түрде ажырасқан. Ажырасқаннан кейін екеуара қандай қарым-қатынаста болатынын ақылдасу үшін келіншек бұрынғы күйеуінің үйіне барған екен. Сол кезде ер адам ажырасып кеткеніне қарамастан бұрынғы әйелінің телефонын алып, тексере бастаған. Әйелінің басқа ер адамға қоңырау шалғанын көрген ол әйелін қорлап, ашуға басып, оны қолымен ұрған, жастықпен ұрып, жаралаған.

«Бұрынғы күйеуінің қорлаған сөздері мен таяғына шыдамаған әйел үстел үстінде жатқан қайшыны алып, мойнына сұғып алған. Ер адам ауруханада жатып қайтыс болған», - деп хабарлайды сот.  

Тергеу әйелдің әрекетін абайсызда адам өліміне әкеп соққан деп бағалап, істі сотқа жіберген. тергеуге сай марқұм ер адам әйелдің беті мен білегін көгерткенін анықтаған. Әйел прокурормен келісімге келіп, кінәсін толық мойындаған.

«Сот осы және өзге де деректерді ескере отырып, әйелді 6 жылға соттады», - деп хабарлайды Ақмола соттарының баспасөз қызметі.

Бұдан өзге, сот қылмыстық істі қарай отырып, полиция мен әкімдіктің заңсыз әрекеттеріне назар аударған.

«Дәлірек айтқанда, әйел адам бұрынғы күйеуінің ұрып-соғатынын полицияға хабарлағанымен, полиция оның құқығын қорғау үшін шара қолданбаған. Оның үстіне, ер адам қаза тапқан үй, яғни, ол тұрған үй әкімдіктің пәтері болып шыққан. Бірақ, марқұм мемлекеттен үй алатын немесе алған адамдардың тізімінде жоқ. Яғни, мемлекеттік тұрғын үйде мұқтаж емес адам тұрған.  Осыған байланысты сот аудандық прокуратураға жедел шара қабылдау үшін жеке қаулы шығарған», - деп хабарлайды сот.

Серіктес жаңалықтары