$ 540.87  632.01  6.76
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Атыраудағы оқыс оқиға: әкімдік лифт шахтасына құлаған баланың жағдайы туралы айтты

Зардап шеккендер жоқ 

Атыраудағы оқыс оқиға: әкімдік лифт шахтасына құлаған баланың жағдайы туралы айтты
Фото: скрин

Атырауда лифт шахтасына құлап кеткен 10 жасар бала туралы өңір әкімдігі түсініктеме берді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

«27 маусымда Атырау қаласының «Береке» шағынауданы, 23-үй мекенжайында көпқабатты тұрғын үйдегі лифте кәмелетке толмаған баланың қатысуымен оқыс жағдай тіркелді. Алдын ала мәліметтер бойынша, лифт көтерілген кезде жабдықтың жұмысы бұзылған. Зардап шеккендер жоқ, медициналық көмекке ешкім жүгінбеген», - деді әкімдіктен.

Тұрғындардың үлестік меншігіндегі лифттің қызметіне «КаспийЛифт» ЖШС жауапты. Қазіргі уақытта жабдықты одан әрі қауіпсіз пайдалану үшін кезектен тыс техникалық тексеру жүргізіліп жатыр.

Еске салсақ, жасөспірім велосипедін лифтке кіргізбек болған. Сол сәтте лифт есігі кенеттен жабылып, велосипед есік арасында қысылып қалып, баланы бірге іліп әкетті.

Серіктес жаңалықтары