30.06.2025, 10:51
Жаңалықтар
Атырауда 10 жасар бала лифт шахтасына құлап кетті (ВИДЕО)
Ауруханаға жеткізілген бала аман қалды
Фото: Видеодан скрин
Атырау қаласында 10 жасар бала лифт шахтасына құлап кетті. Оқиға кезінде ол велосипедін лифтке кіргізуге тырысқан. Алайда лифт есігі кенеттен жабылып, велосипед есік арасында қысылып қалып, баланы бірге іліп әкетті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Лифт жоғарыға қозғалып, баланы да іліп әкетті
Лифт кабинасы жоғары қозғалғанда, велосипедпен қоса баланы да іліп әкеткен. Бала кабинадан ұсталып тұрғанмен, қолы тайып, шахтаға құлап кеткен.
Бала аман қалды – ауруханаға жеткізілді
Желідегі мәліметтерге сүйенсек, жедел түрде ауруханаға жеткізілген оқушы ауыр жарақаттан аман қалған. Дәрігерлер оның жағдайын тұрақты деп бағалап отыр.
Тексеру басталды, тұрғындар жауаптыларды жазалауды талап етіп отыр
Оқиғаға байланысты тексеру жүргізіліп жатыр. Ал тұрғындар лифттің техникалық жағдайына жауапты басқарушы компанияны жауапкершілікке тартуды талап етуде.
Көп оқылған
04.10.2026, 06:19
Домбыра сабағы кезінде баланы ұрған: полиция қылмыстық іс қозғады
04.10.2026, 07:27
Қар аралас жаңбыр, тұман, жел: 4 қазанға арналған ауа райы болжамы
04.10.2026, 10:30
Еліміздің екі қаласында ауа сапасы нашарлайды
04.10.2026, 13:09
Талдықорғанда әйелін қарумен қорқытқан ер адам ұсталды (ВИДЕО)