12.06.2020, 02:20
Оқиғалар
Оралда екі күнде 2 бала терезеден құлап кетті
Екі бала да ауруханаға жатқызылды
Фото: ашық дереккөзден
Оралда екі күнде 2 бала көпқабаттың үйдің терезесінен құлап кетті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі БҚО ТЖ департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
«10 маусым күні сағат 14.58-де «Солтүстік-шығыс» ауданындағы бес қабатты үйде үш жасар ұл бала терезеден құлап кеткен. Сондай-ақ 11 маусым күні сағат 11.05-те Вокзальная көшесінде бес қабатты үйдің терезесінен 2019 жылғы қыз бала құлаған. Олардың екеуі де ата-аналарының қарауынсыз қалған. Екеуі де ауруханаға жатқызылды», - деп жазылған хабарламада.
БҚО ТЖД өкілдері ата-аналардан балаларды қараусыз қалдырмауды, терезені ашық тастамауды сұрайды.
Көп оқылған
04.10.2026, 06:19
Домбыра сабағы кезінде баланы ұрған: полиция қылмыстық іс қозғады
04.10.2026, 07:27
Қар аралас жаңбыр, тұман, жел: 4 қазанға арналған ауа райы болжамы
04.10.2026, 10:30
Еліміздің екі қаласында ауа сапасы нашарлайды
04.10.2026, 13:09
Талдықорғанда әйелін қарумен қорқытқан ер адам ұсталды (ВИДЕО)