$ 523.2  594.3  6.38
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
12.06.2020, 02:48
Оқиғалар

Арыстағы жарылыстың куәгерлері мен журналистер сот залына кіре алмады

Тұрғындар дүние-мүлкін өз қаражатына қалпына келтіргенін айтып шағымданды

Арыстағы жарылыстың куәгерлері мен журналистер сот залына кіре алмады
Фото: vlast.kz

Шымкентте Арыстағы жарылыс туралы іс бойынша кезекті сот отырысы өтті. Дегенмен, отырысқа зардап шеккен қала тұрғындары мен журналистер кіре алған жоқ, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі Otyrar.kz-ке сілтеме жасап.

Жарылыс кезінде қала тұрғыны Мұхамеджан Сапарханның тойханасы мен үйі құлаған. Оның шығыны шамамен 60 млн теңгені құрайды. Оқиғадан бері бір жыл өтсе де, үйі де, тойханасы да қалпына келтірілмеген. Ал өзі сотқа шақырылғанымен, сот залына кіре алмаған. 

«63 кәсіпкердің ғимараты зардап шекті. Менің ғимаратым қалпына келтірілмейді. Өтемақы алмадым. Сот арқылы шешеміз деп едік, бірақ тізімде жоқпыз», — деді Мұхамеджан Сапархан. 

Сотқа шақырылған куәгерлер де, журналистер де сот залына кіре алмаған. Куәгерлер бірнеше сағат күтуге мәжбүр болды. Мұның себебі әзірге белгісіз. 

Айта кету керек, жарылыс бойынша 16 адам жауапқа тартылып жатыр.

Серіктес жаңалықтары