$ 548.79  643.02  6.63
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
Бүгін, 11:37
AR trend

Қыз зорлады деген Жанқош Тұраров жұртты тыныштыққа шақырып, үндеу жасады (ВИДЕО)

Ол «Қайрат» пен «Реал» арасындағы матчта жұртты тыныштыққа шақырды

Қыз зорлады деген Жанқош Тұраров жұртты тыныштыққа шақырып, үндеу жасады (ВИДЕО)
Фото: Видеодан скрин

Әнару Қалдыбекті зорлады деген кәсіпқой боксшы Жанқош Тұраров «Қайрат» пен «Реал» арасындағы матчта жұртты тыныштыққа шақырып, үндеу жасады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Оның видеосын Алматы қаласының Полиция департаменті желідегі парақшасында жариялады.

«Елімізде тарихи сәт болайын деп жатыр. «Қайратқа» тек жеңіс тілеймін. Қонақжайлығымызды көрсетіп, «Реалды» керемет күтіп алайық. Әсем қала Алматымызда мәдениетімізді көрсетейік. Полиция қызметкерлерінің де жұмысын жоққа шығармай, керемет деңгейде күтіп алайық», – дейді Жанқош Тұраров.

Естеріңізге салайық, танымал боксшы Жанқош Тұраров мені зорлады деп арыз жазған Әнару Құрманәлиева Azattyq Rýhy редакциясын сұхбатқа шақырып, боксшыны неше жылдан бері білетінін, онымен алғаш рет қалай танысқанын және Жанқош Тұраров 6 жылдан бері не деп алдап келе жатқанын айтып берген еді.

Былтыр 21 тамызда әлеуметтік желіде танымал боксшы Жанқош Тұраров Әнару Қалдыбекті зорлады деген ақпарат тарады. Алматы қаласының полициясы мұны растап, қылмыстық іс қозғалғанын мәлім етті. Жақында қылмыстық іс тоқталды.

Серіктес жаңалықтары