$ 548.79  643.02  6.63
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

«Жаназада қарызын сұраған адамға бердім»: танымал әнші Мұрат Қожа алғашқы көлігі жайлы айтты (ВИДЕО)

Ол сұхбатында басынан өткен оқиға туралы айтты

«Жаназада қарызын сұраған адамға бердім»: танымал әнші Мұрат Қожа алғашқы көлігі жайлы айтты (ВИДЕО)
Фото: Видеодан скрин

Әйгілі «Нұрлан мен Мұрат» тобының әншісі Мұрат Қожа өзінің алғашқы көлігі жайлы сыр шертті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Әнші журналист Аман Тасығанға берген сұхбатында алғашқы жеке көлігіне қатысты оқиғаны айтып берді.

«Бұл көлікті маған сыйлаған Өмірбек ағам өмірден озды. Ол кісі біреудің көлігін алып кетіп, жолда жол апатына ұшыраған. Сол жерде қайтыс болады. Ал көлігі жарамай қалады. Сол автокөліктің иесі жерлейтін кезде жаназа алдында «қарызы бар ма?» деген сәтті «бар» деп айқайлап шықты. Ол менің көлігімді аударып тастады.

Сол кезде бәріміз тұрып қалдық. Мұндай айтылмайтын сияқты еді ғой деп бір-бірімізді қарасып қалдық. Сол кезде «қарызын өтейтін, мойнына алатын адам бар ма» деген сәтте, ойланбастан «мен төлеймін» деп шықтым. Сол кісіге бұйырған екен. Өйткені, маған ауыр болды. Сатып ақшасын бердім», - дейді Мұрат Қожа.

Айта кетейік, «Нұрлан мен Мұрат» дуэті 2000-шы жылдары аса танымал болған. Бұл топтың «Жұлдызым», «Шашы ұзын қыз», «Лейла» әндері жұрт арасында кеңінен танылды.

Серіктес жаңалықтары