12.06.2020, 03:38
Оқиғалар
Елордадағы монша кешенінде 51 жастағы әйел бассейнге батып кетті
Оқиға 11 маусымда болды
Фото: ашық дереккөзден
Нұр-Сұлтан қаласында Тұран даңғылында орналасқан «Керемет» монша кешенінде 51 жастағы әйелдің денесі табылды. Ол байссейнге батып кеткен, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі Polisia.kz-ке сілтеме жасап.
«11 маусым күні сағат 19.10-да бассейнге батып қаза тапқан 51 жастағы әйелдің денесі табылды. Бұл туралы «102» пультіне хабарлама түсті. Қайтыс болған әйелдің 2 топ мүгедегі екені анықталды. Оған «эпилепсия» диагнозы қойылған. Ол моншада анасымен бірге болды», - деп жазылған хабарламада.
Оқиғаға байланысты сот-медициналық сараптама тағайындалды. Тексеріс жүріп жатыр.
Көп оқылған
01.10.2026, 09:38
Ақтауда бір топ полицей түнгі клубтардың бірінде алаңсыз жүрген жас жігітке тап берді (ВИДЕО)
01.10.2026, 09:35
«Жалаңаяқ қыз» әнінің бағын ашқан танымал әнші өмірден озды
01.10.2026, 16:20
Ұлдананың анасы да, оның отбасы да Әділет Зейнелді жәбірленушілер қатарынан көргісі келмейді – адвокат
01.10.2026, 14:18
Астанада блогер Ерболат Жанабылов әйелімен жанжалдасқаннан кейін қамалды