«Мұрныңнан ағып кетпесін»: Қайрат Нұртастың «дауысы жоқ» деген адамға әншінің анасы шүйлікті
Олардың пікірі әлеуметтік желіде жарияланды

Әнші Қайрат Нұртастың анасы, продюсер Гүлзира Айдарбекова ұлын сынаған желі қолданушысына шүйлікті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Әншінің Instagram желісіндегі жазбасына желі қолданушыларының бірі сыни пікір қалдырды.
«Мүлдем дауысы жоқ», - деп қысқа ғана қайырды Айдана есімді желі қолданушысы.
Оның бұл пікірі әншінің анасы Гүлзира Айдарбекованың шамына тиіп, пікір иесіне шүйлігіп, ауыр пікір қалдырды.
«Рас па? Орнына концерт беріп көрсей, стадиондар жинап, мұрныңнан қара қаның ағып кетпесін бірақ», - деп Гүлзира Айдарбекова жауап қайтарды .
Продюсердің бұл жауабы өзге де желі қолданушыларының назарынан тыс қалған жоқ.
«Бұрын Қайратты қарапайым халық, жақсы көретін, қарапайымдылығын, халықтың адамы болған соі сүйді. Жастар еліктеп үлгі алатын. Ал қазір сол Қайрат қайда екен?», «Тіліңіз жаман, негізі жауап бермей-ақ қойсаңызшы ондай пікірлерге», «Ол Қайрат та қартайды», «Қайрош ылғи да легенда», - деп жазды желі қолданушылары.