$ 515.18  570.66  6.06
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
11.06.2020, 23:28
Оқиғалар

Қызылорда облысында есірткі өсірген тұрғын ұсталды

Сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізіліп жатыр

Қызылорда облысында есірткі өсіріп, оны сатқан тұрғын ұсталды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

«Қызылорда облысында арнайы жедел-профилактикалық іс-шара барысында полиция қызметкерлері есірткі сатқаны үшін Қазалы ауданының 56 жастағы тұрғынын ұстады», - делінген хабарламада. 

Тінту кезінде күдіктінің тұрғылықты мекен-жайы бойынша құрамында есірткі заттар бар, өсіруге тыйым салынған өсімдіктерді заңсыз егіп-өсіргені анықталды.

«Аталған дерек бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің екі бабы бойынша, яғни 297-бабының 1-бөлігімен (есірткі, психотроптық заттарды, сол тектестерді өткізу мақсатында заңсыз дайындау, қайта өңдеу, иемдену, сақтау, тасымалдау, оларды жөнелту не өткізу) және 300-бабының 1- бөлігімен (өсiруге тыйым салынған өсiмдiктердi егу немесе өсiру немесе сораның, көкнәрдiң немесе құрамында есiрткi заттар бар басқа да өсiмдiктердiң сұрыптарын егіп-өсіру) сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізіліп жатыр. Күдікті Қазалы аудандық полиция бөлімінің уақытша ұстау абақтысына қамаққа алынды», - дейді полициядағылар.

Серіктес жаңалықтары