11.06.2020, 22:28
Оқиғалар
Маңғыстау облысында әкімдік қызметкері параға жиһаз алған
Мемлекеттік қызметкер өз кінәсін мойындады
Маңғыстау облысы Мұнайлы ауданы әкімдігінің Азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімінің басшысы параға ас үй жиһазын алғанын мойындады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі.
«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Маңғыстау облыстық бөлімі жеке кәсіпкерден құжат алуды жылдамдатқаны үшін параға жиһаз алды деген күдікке ілінген азаматты ұстады. Мұнайлы ауданы әкімдігінің Азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімінің басшысы өз кінәсін мойындады», - деп жазылған агенттік таратқан хабарламада.
Агенттік өкілдерінің айтуынша, тергеу жүргізіліп жатқандықтан, басқа ақпарат жарияланбайды. Күдіктіге қатысты соңғы шешімді сот шығарады.
Көп оқылған
04.11.2026, 17:54
Қуандық пен Сағындық: Бишімбаевтың бұрынғы әйелі Қозыке әулетінің құпиясын жайып салды (ВИДЕО)
04.11.2026, 16:09
Павлодарда мектеп басшылығы екі оқушы қыздың зорланғаны туралы полицияға хабарлаған
04.11.2026, 09:00
Түркия, Оңтүстік Корея, Ресей: биыл әлемнің қай елдерінде қазақстандықтар көз жұмды
Редактордың таңдауы
15.10.2026, 19:19
Қазақстан мен Әзербайжанды жалғайтын суасты байланыс желісі іске қосылды