11.06.2020, 16:38
Оқиғалар
ШҚО-да қайығы аударылған 2 адам суға батып кетті
Облыста жыл басынан бері 16 адам суға кетті
фото: ШҚО ТЖД баспасөз қызметі
Бүгін таңертең Бұқтырма бөлімшесінің құтқарушыларына қайық аударылып, оған мінген адамдардың суға батып кеткені туралы дабыл келіп түсті. Бұл туралы ШҚО Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.
«Құтқарушылар орнына келіп жеткен кезде, 1998 жылы туған екі жас ер адам суға батып кеткен. Бір адамның денесін судан оқиға куәгерлері алып шыққан, екіншісін сүңгуірлер алып шығарды. Қайықпен серуенге шыққан жігіттер жағалаудан алыстап кеткен. Қайық аударылып, жастар қайғылы жағдайға ұшыраған.
Жыл басынан бері облыста 16 адам суға батып кетті. Департаменттің айтуынша, қайғылы оқиғаларға жиі себеп болатын негізгі факторлар – өз күшіне сену, алкогольге масаю, құтқару құралдарының болмауы.
Көп оқылған
10.04.2026, 15:38
Алматы облысында 15 жастағы қыз баланы 8 ер адам екі ай бойы зорлаған: екі күдікті ұсталды
10.04.2026, 17:30
«Тапқанымыздан жоғалтқанымыз көп»: Ақан Оңғарұлы археология саласының біз білмейтін қырлары туралы айтты
10.04.2026, 10:48
Қызылорда облысының тұрғыны бір түйе үшін бес жылға сотталып кетті
10.04.2026, 13:59
Тоқаев өлген адамның ағзасын 24 сағат бойы «тірі» ұстап тұратын құрылғы бар екенін айтты
10.04.2026, 13:12
«Әдейі ерте айтып отырмын»: Тоқаев Құрылтай сайлауы тамыз айында өтетінін хабарлады
10.04.2026, 11:30
Қазақстанда алдағы демалыс күндері қар жауады