02.06.2025, 15:12
Оқиғалар
Атақты АҚШ компаниясы қазақстандық азаматтың үстінен арыз түсірді
Сот шешім шығарды
Фото: Freepik
New Balance Athletic, Inc. компаниясы Астана қаласының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотына жүгініп, олардың тауар белгісін заңсыз пайдаланған азаматты үшін жауапқа тартуды талап етті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Сот екі тарапты татуластыру үшін арнайы шаралар жүргізген. Сотта тараптар келісімге келіп, бітімгершілік шарт жасалды. Осы келісім бойынша жауапкер америкалық арызданушыға 200 000 теңге өтемақы төлеп, New Balance компаниясының белгісі салынған тауарларды жоятын болды.
Бітімгершілік келісімді сот бекіткен соң, іс ары қарай қаралмай, тоқтатылды.
Соттың шешімі заңды күшіне енді.
Көп оқылған
01.10.2026, 09:38
Ақтауда бір топ полицей түнгі клубтардың бірінде алаңсыз жүрген жас жігітке тап берді (ВИДЕО)
01.10.2026, 09:35
«Жалаңаяқ қыз» әнінің бағын ашқан танымал әнші өмірден озды
01.10.2026, 16:20
Ұлдананың анасы да, оның отбасы да Әділет Зейнелді жәбірленушілер қатарынан көргісі келмейді – адвокат
01.10.2026, 14:18
Астанада блогер Ерболат Жанабылов әйелімен жанжалдасқаннан кейін қамалды