Шетел азаматы полицияға пара ретінде блэндер мен ақша бергісі келген
Ол өз жазасын алды

Түркістан облысының полицейлеріне 10 мың теңге мен 3 833 теңгелік блэндер беріп, жазадан құтылғысы келген молдовалыққа айыппұл салынды, деп хабаралайды Azattyq Rýhy.
Сот материалдарынада жазылғандай, 2024 жылдың 25 қараша күні полиция инспекторлары А. мен К. қызметтік міндеттерін атқару кезінде, «Қорғау-Қауіпті жүргізуші» жүйесі анықтаған Армения Республикасының нөміріне тіркелген «Volvo S60» жүк автокөлігін тоқтатады. Полицейлер жүргізушінің 583 366 тенге төленбеген айыппұлы барын анықтаған.
Өз кезегінде, «Volvo» жүргізушісі Молдова Республикасының азаматы Ф. жауаптылықтан құтылу мақсатында, полиция қызметкері К.-ға 10 000 теңге және құны 3 833 теңге тұратын «Bosch» маркалы блэндэрді пара ретінде ұсынып, қылмысқа барған.
Сотталушы кінәсін толық мойындады. Оған қатысты сот үкімі 2025 жылы 23 мамырда шықты. Шетелдік азамат ұсынған параның 15 еселенген сомасы, яғни 155 621 тенге айыппұл төлейтін болды. Үкім заңды күшіне енген жоқ.