$ 544.87  639.02  6.88
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Қарағанды ​​облысында 2 жасар баланы пойыз басып кете жаздады (ВИДЕО)

Жүк пойызының машинисті шұғыл тежегісті қолданды

Қарағанды ​​облысында 2 жасар баланы пойыз басып кете жаздады (ВИДЕО)
Фото: pixabay

Қарағанды ​​облысында екі жасар баланың рельске шығып кетуі салдарынан пойыз шұғыл тоқтатылды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Оқиға Қарағанды-Ақадыр учаскесінің Қарағанөзек-Қарабас асуында болған. Жүк пойызының машинисі рельстегі баланы байқап қалып, шұғыл тежегішті басқан. Жарақат алған баланы ата-анасы Қарағандыдағы балалар ауруханасына жеткізді.

«Қазақстан темір жолы» ҰК баспасөз қызметінің хабарлауынша, оқиға туралы ақпарат Қарағанды-Сұрыптау стансасының желілік полиция бөліміне берілген.

ҚТЖ ата-аналарға үндеу жасады

Компанияның баспасөз қызметі теміржол инфрақұрылымы нысандарында жүру қауіпті екенін еске салды.

"ҚТЖ ата-аналарды мұқият болуға және балаларды теміржол инфрақұрылымы нысандарының жанында қадағалауға шақырады. Теміржол - қауіпті аймақ", - деп атап өтті ҚТЖ.

Еске сала кетейік, өткен айдың басында Алматы облысында темір жолдан мәйіт табылған болатын. Жүк пойызы бөгде адамның темір жолға шығып кетуіне байланысты шұғыл тежеуді қолданған.

Серіктес жаңалықтары