08.05.2025, 08:21
Оқиғалар
Алматы облысында темір жолдан мәйіт табылды
Жүк пойызы бөгде адамның темір жолға шығып кетуіне байланысты шұғыл тежеуді қолданған
Фото: pixabay
Алматы облысында кеше кешке темір жолдан адамның денесі табылды, тергеу жүргізіліп жатыр, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
«Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясының мәліметінше 7 мамырда сағат 20.52-де Қайрат – Байсерке аралығында (Сарыөзек-Алматы учаскесі) жүк пойызы бөгде адамның темір жолға шығып кетуіне байланысты шұғыл тежеуді қолданған.
«Оқиға орнында адамның денесі табылды. Пойыз қажетті процедуралар аяқталғанға дейін тоқтатылды. Оқиға орнына полиция келіп, тергеу жүргізілуде», - деп жазылған хабарламада.
Компания пойыздар қозғалысы аймағында бөгде адамдардың жүруіне тыйым салынғанын еске салды.
Көп оқылған
10.11.2026, 10:46
«Мен кәсіби боксшы емеспін»: әйелді ұрған жасөспірім Түркістандағы төбелестің неден басталғанын айтып берді
10.11.2026, 11:07
4,5 мың жетімді бауырына басқан: 70-тен асқан Әмина апа минивэнімен балаларға азық-түлік тасып жүр
10.11.2026, 12:58
Қаракемердегі үш оқушының қазасы: прокуратура «Система» деген бейресми топтың жігіттерін ұстап алды (ВИДЕО)
Редактордың таңдауы
15.10.2026, 19:19
Қазақстан мен Әзербайжанды жалғайтын суасты байланыс желісі іске қосылды