ШұғылӨткен тәулікте Қазақстанда тағы 209 адам коронавирус жұқтырды

Алматы облысында жүк көлігін тонаған «рэкеттер» қолға түсті

Ұсталғандардың бірі зардап шегушінің танысы екені анықталды

Фото: kolesa.kz

Үш адамнан тұратын қарақшылар КамАЗ жүргізушісіне шабуыл жасап, қомақты ақшасы мен ұялы телефонын қолды қылған, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі. Жүк көлігін тонау оқиғасы Алматы-Өскемен тас жолында, Арқарлы асуының маңында орын алған. Алматы облыстық ПД баспасөз қызметінің хабарлауынша, қарақшылар жылдам қолға түскен. Тонау оқиғасынан соң көлік жүргізушісі Кербұлақ аудандық полиция бөлімшесіне барып, жолдың 126-шақырымында шабуылға тап болғанын хабарлаған.

«Алматының 25 және 32 жастағы тұрғындары мен Қарасай ауданының 32 жастағы тұрғыны ұсталды. Олардың екеуі бұған дейін ұрлық жасағандары үшін сотталған. Одан бөлек, полиция ұсталғандардың бірі зардап шегушінің танысы екенін анықтады. Ол жүк көлігінің бағытын біліп, сыбайластарын қылмыс орнына апарған. Аталған дерек бойынша ҚР ҚК 191 бабы бойынша тергеу жұмыстары басталды. Ұрланған заттардың бір бөлігі тәркіленіп, қылмыстық істе заттай айғақ ретінде тіркелген», - деді облыстық ПД баспасөз қызметінің өкілі Серік Үпиев.

Күдіктілер қамауға алынып, олардың өзге де қылмыстарға қатысы бар-жоғы тексеріліп жатыр.

Әмірболат Құсайынұлы, Алматы 

Сұхбат
Екінші дүниежүзілік соғысқа қазақ даласынан 1,3 млн жауынгер аттанған
Англия, Түркия, АҚШ елдеріндегі қазақтар жағдайды баяндады
Америкада маскасыз жүргендерге 1 мың доллар айыппұл салынады