ШұғылҚазақстанда тағы 1708 адамнан коронавирус анықталды

Қызылорда облысында қауіпті уран концентратын сатпақ болған қылмыстық топтың жолы кесілді

Тәркіленген зат қоршаған ортаға және адам денсаулығына қауіпті

ҚР ҰҚК баспасөз қызметі

Қызылорда облысында уран концентратын сатпақ болғандар ұсталды деп хабарлайды «Azattyq Rýhy» тілшісі ҚР ҰҚК бакспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ұлттық қауіпсіздік комитетінің мәліметінше, 23 қазан күні бірнеше адамнан құралған қылмыстық топ 240 келі уран концентратын сатпақ болған. Қазіргі таңда олардың төртеуі ұсталды. Олардың үстінен ҚР Қылмыстық кодексінің 283-бабы 2-тармағы бойынша (Радиоактивтi заттармен, радиоактивті қалдықтармен, ядролық материалдармен заңсыз жұмыс істеу) сотқа дейінгі тергеу амалдары жүріп жатыр.

«Ядролық физика институты мамандарының қорытындысы бойынша, тәркіленген уран концентраты қауіпті радивоактивті зат болып саналады. Ондағы радиация мөлшері шамадан тыс көп және қоршаған ортаға және адам денсаулығына зиян тигізеді», - делінген ҰҚК таратқан хабарламада.

Комитет өкілдерінің айтуынша, қылмыстық топ қауіпті затты ванадий кенін өндіру кәсіпорнынан ұрлап алып шыққан. Өзге деректер тергеу құпиялығына байланысты айтылмайды.

Сұхбат
Себебі су тасымалдайтын ирригациялық жүйенің әбден тозығы жеткен 
Юрий Ким адамдарды жаппай егу нәтижесінде індет 2023 жылы тоқтауы мүмкін дегенді айтты
Бүгінге дейін облыста COVID-19  вирусын жұқтырған 613 адам тіркелді
Бүгін сайлауалды үгіт-насихат жұмыстары тоқтады