$ 525.87  614.37  6.72
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Семейде үрлемелі матраста отырған екі қызды ағыс алып кетті

ТЖМ қызметкерлері Ертіс өзенінде екі қызды құтқарды

Семейде үрлемелі матраста отырған екі қызды ағыс алып кетті
Фото: ru.freepik.com

Семейде үрлемелі матраста отырған екі қызды ағыс алып кетті, деп хабарлайды Azattyq Ruhy ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Оларды Төтенше жағдайлар министрлігінің құтқарушылары Ертіс өзенінің су айдынын патрульдеу кезінде байқап қалып, дер кезінде көмек көрсетті.

«Құтқарушылардың жедел әрекетінің арқасында олар жағаға жеткізілді, медициналық көмекті қажет етпеді», - деп жазылған министрліктің хабарламасында.

Ведомство төтенше жағдай туындаған жағдайда 112 нөміріне қоңырау шалу қажеттігін ескертті.

Еске сала кетейік, таяуда Жетісу облысында Көксу өзенінің үстінен темір арқанмен өтпек болған әскери қызметкер суға кетті. Оқиға болған жерден 15 шақырым жерден құтқарушылар ер адамның денесін тауып, жағаға шығарды. Табылған кезде үстінде киімнің бір бөлігі болған.

Оқи отырыңыз:

Серіктес жаңалықтары