$ 509.51  570.6  6.3
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Оқушылар мінген автобус апатқа ұшырады

Жол апатына тежегіштің істен шығуы себеп болған

Оқушылар мінген автобус апатқа ұшырады
Фото: pixabay

Республикалық А-2 Қызылорда – Алматы тас жолында, Ынтымақ ауылына жақын жерде Түркістан облысынан шыққан жолаушылар автобусы жол апатына ұшырады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy Otyrar.kz-ке сілтеме жасап.

Автобустың тежегіші істен шыққан

Алдын ала болжам бойынша апатқа тежегіштің істен шығуы себеп болған. Оқиға кезінде көлікте мектеп оқушылары болған.

«Олардың ешқайсысы зардап шеккен жоқ. Оқиға орнында полиция қызметкерлері жұмыс істеп жатыр. Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр», - деп жазылған хабарламада.

Жол апатынан бүтін бір отбасы қаза тапты

Еске сала кетейік, 15 мамыр күні Алматы облысында жол апатынан бүтін бір отбасы қаза тапты. Қайғылы оқиға Алматы – Жандосов – Бесмойнақ бағытындағы тасжолдың 53-шақырымында орын алған. Полицияның мәліметінше, алдын ала деректер бойынша, жеңіл автокөлік жүргізушісі рөлге ие бола алмай, қарсы жолаққа шығып кеткен. Салдарынан көлік жол жиегіндегі кедергіге соғылып, кейіннен аударылып кеткен.

Оқи отырыңыз:

Серіктес жаңалықтары