«Сұлтан», «Аққала», «Мұрагер»: Ақтаудағы атышулы үйлерді салған адамдар сотталды (ВИДЕО)
Азаматтарды алдаған адамдардан 47 көлік тәркіленген

Ақтау қаласында «Сұлтан», «Аққала» және «Мұрагер» көпқабатты тұрғын үйлер құрылысы кезінде аса ірі көлемде алаяқтық орын алғаны анықталды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Қаржы мониторинг агенттігінің Маңғыстау облысындағы департаменті «ИнтерьерСтройАқтау» ЖШС басшыларын тергеген. Олар құрылыс жүргізуге рұқсат алмай, 590 адамнан үлескер ретінде ақша алған. Олардан жалпы сомасы 5,5 млрд теңге жиналғаны белгілі болып отыр.
«Оның үстіне, үйлер талапқа сай салынбаған, белгіленген мерзімде аяқталмаған. 1,9 млрд теңге ақшаны компания басшылығы қолма-қол ақшаға айналдырған. Тергеу арқылы олардан 5 жер телімі мен 47 автокөлік тәркіленді. Сот компания басшыларын 3,5 жылдан 6,5 жылға дейін бас бостандығынан айырды», - деп хабарлайды ҚМА.