$ 513.74  569.17  6.33
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

АҚШ-тың әскери ұшақтарын суретке түсірген екі екі адам қамалды

Оқиға Оңтүстік Кореяда болды 

АҚШ-тың әскери ұшақтарын суретке түсірген екі екі адам қамалды
Фото: en.yna.co.kr

Тайванның 60 және 40 жастағы азаматы Оңтүстік Кореяда әуе шоуын көрсеткен америкалық әскери ұшақтарды фотоға түсіргені үшін ұсталды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Yonhap-тың мәлімдеуінше, оқиға сенбі күні Сеулден шамамен 60 шақырымдай алыста орналасқан Пхёнтхэк қаласындағы Осан әскери әуебазасында болған.

Әдетте әуе шоуына келушілерге ұшақтарды фотоға түсіруге рұқсат етіледі. Алайда соңғы уақытта қытайлық азаматтар Оңтүстік Кореяның әскери нысандарын заңсыз суретке түсіруді жиілеткен. Сондықтан америкалық тарап Қытай мен Тайвань азаматтарының Osan Air Power Days шарасына қатысуына тыйым салған.

Күдіктілер бұл тыйымды елемей, әуе шоуы өтіп жатқан аумаққа жасырын кіріп, заңсыз фотоға түсірген. Қазіргі уақытта оларды тұтқындауға ордер беру мәселесі қаралып жатыр.

Серіктес жаңалықтары