Түркияда бір күнде үш рет жер сілкінді
Жер дүмпулері әртүрлі уақытта тіркелген

Бүгін, 13 мамыр күні таңғы 07:18-де Түркияның Ыстамбұл қаласына қарасты Бүйүкчекмедже аймағының жағалауында 3,8 магнитудалық жер сілкінісі тіркелді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Түрік сейсмологтарының мәліметінше, жер сілкінісінің эпицентрі Мәрмәр теңізінде орналасқан. Жерасты дүмпуінің ошағы 6,84 км тереңдікте болған.
Осы күні сағат 02:30 шамасында Түркияның Эгей теңізі аймағында 4,9 магнитудалық жер сілкінісі болды. Бұл жер сілкінісінің ошағы 7 км тереңдікте орналасқан. Әзірге зардап шеккендер мен материалдық шығындар туралы ақпарат жоқ.
Таңғы 07:49-да Антальяның Кумлуджа ауданында 3,8 магнитудалық үшінші жер сілкінісі тіркелді. Эпицентрі Кумлуджа маңында орналасқан бұл дүмпудің ошағы 29,02 км тереңдікте болған.
Түркия билігі зардап шеккендер мен қираған нысандар туралы ақпарат таратқан жоқ. Елдің төтенше жағдайлар қызметі мен сейсмологиялық институттары оқиғаны бақылауда ұстап отыр.