28.04.2025, 11:27
Оқиғалар
«Жыл сайын су басады»: СҚО әкімі тасқын астында қалған ауылды қайықпен аралап, дронға түсірді (ВИДЕО)
Қазір облыс басшылығы осы ауылдың халқына арнап көп қабатты екі үй салып жатыр
Фото: скриншот
Бұл күндері Солтүстік Қазақстан облысында Есіл өзені арнасынан асып, аймақты қатты су басқан. СҚО әкімі Ғауез Нұрмұхамбетов Заречный кентін қайықпен аралап шыққан, деп жазады Azattyq Rýhy.
Әкімдік «бұл ауылды жыл сайын су басады» деген мәлімет ұсынып отыр. Әрі жағдай тұрақты дейді.
«Мәселенің жүйелі сипатқа ие екенін түсіне отырып, тұрғындарды қауіпсіз жерге көшіру туралы шешім қабылданғаны белгілі. Қазір екі көпқабатты үйдің құрылысы басталды, бұл үйлерге Заречныйдан көшетін отбасылар қоныстанады. Жыл соңына дейін халыққа жаңа үйлердің кілті беріледі», - дейді СҚО әкімі.
Қазір аймаққа жақын қалалар мен облыстардан құтқарушылар барып, бөгет орнатып жатыр.
Көп оқылған
28.09.2026, 17:24
«Жиналысты азайтамыз»: су жаңа Қорғаныс министрі жаңа қызметте бірінші кеңесін өткізді
28.09.2026, 12:40
«Қаралы күн, біз үшін өліп пе?»: сарбаздардың рухына тіл тигізген ер адам қамауға алынды (ВИДЕО)
28.09.2026, 12:21
Жеті күн ішінде қаржы есебі, он күнде арнайы жоспары дайын болу керек: Қарин әскердегі реформа туралы нақты даталарды атады
29.09.2026, 13:55
Бес жасар қыз баланы балабақша қызметкері бірнеше рет зорлаған: іске президенттің қызы араласты (ВИДЕО)
28.09.2026, 15:35
Қазақстан аумағында бір күнде үш мәрте жер сілкінді