Тоңазытқышта көз жұмған нәрестенің ісіне қатысты сот өтіп жатыр
Атышулы іс онлайн қаралып жатыр
Атырауда жаңа туған нәрестені өлтіру ісі бойынша облыстық перзентхананың бас дәрігері мен осы қылмысқа қатысы бар өзге қызметкерлерге қатысты сот өтіп жатыр, деп хабарлайды 24.kz
Айыпталушы бес адам. Карантин режиміне байланысты сот өткен аптада онлайн түрде басталған еді. Енді істің күрделі болуына, ал қылмыстық процесті онлайн режимде жүргізу мүмкін болмауына байланысты күдіктілер сот залына әкелінді.
«Сотқа қатысушылар, адвокаттар, қорғаушылар прокуратура қызметкерлері, куәгерлер басқа да адамдардың барлығы карантиндік режимге сай арақашықтықты сақтап, сот процесіне қатысуда. Сот ісінің туралы ақпар алдағы уақытта қосымша хабарланады»,- облыстық соттың баспасөз хатшысы Боранбай Ғалиев.
Естеріңізге салайық, өткен жылдың күзінде Атырау облыстық перинаталды орталығының бас дәрігері Қуаныш Нысанбаев пен акушер-гинеколог жаңа туған нәрестені өлтірді деп айыпталған болатын. Олар сәби шетінеп кетті деп ойлап, құжат толтырған. Бірақ оның тірі екенін білген кезде құжатты қайта ресімдегісі келмей, шақалақты тоңазытқышқа қайта сала салған.